«Қазақстан Республикасында теміржол көлігінде жол жүру құжаттарын (билеттерді) сатуды ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2013 жылғы 23 қыркүйектегі № 742 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2023 жылғы 9 маусымдағы № 422 бұйрығы

 «Қазақстан Республикасында теміржол көлігінде жол жүру құжаттарын (билеттерді) сатуды ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2013 жылғы 23 қыркүйектегі № 742 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2023 жылғы 9 маусымдағы № 422 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Қазақстан Республикасында теміржол көлігінде жол жүру құжаттарын (билеттерді) сатуды ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2013 жылғы 23 қыркүйектегі № 742 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8853 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

««Темір жол көлігі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы 2-тармағының 26-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;

көрсетілген бұйрықпен бекітілген, Қазақстан Республикасында теміржол көлігінде жол жүру құжаттарын (билеттерді) сатуды ұйымдастыру қағидаларында:

9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«9. Жол жүру құжаттарын (билеттерді) сату мынадай мерзімдерде:

жолаушылар пойыздарына - қайта отырғызусыз қатынайтын вагондарға пойыздың қалыптастыру немесе айналым пункттерінен пойыз жөнелтілгенге дейін сату режиміне немесе аралық станциясынан орындардың болуына қарай, кемінде 45 (қырық бес) тәуліктен 1 (бір) тәулікке дейін жүзеге асырылады;

қала маңы пойыздарына – 10 (он) тәуліктен 1 (бір) тәулікке дейінгі мерзімде жүзеге асырылады.

Жол жүру құжаттарын (билеттерді) сату пойыз жөнелтілгенге дейін 10 минут қалғанда тоқтатылады.»;

12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«12. Жолаушының межелі станциясына дейін тікелей пойыз болмаған кезде пойыздың қандайда бір (келісілген) станциясында ауыстыра отырып жол жүру құжаттарын ресімдеуге жол беріледі.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.